Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлады.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізіміне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азамат енгізіледі.
Шет мемлекеттерге жеке шақырумен, қызметтік, іскерлік немесе туристік сапармен барған Қазақстан Республикасының азаматтары да учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген жағдайда және қолдарында Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізіміне енгізіледі.
Тізімге енгізілген барлық сайлаушы дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беру кез келген уақытта аяқталды деп жариялануы мүмкін.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурстарында жарияланған.
