Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Тарих және өнер» факультеті, «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының оқытушысы, магистр Әсел Мейрамқызының «Домбырам – асыл қазынам» атты жеке ән кеші өтті.
Шығармашылық ән кешіне Арқалық қаласы әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары Мешітбай Жұманов, қала прокуроры Мұрат Успанов, «Жастар-Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амангелді Ахметжанов, институт ректоры Ержан Әмірбекұлы, институт ұжымы, студенттер және кеш иесінің отбасы мен жақындары, әріптестері мен өзге де қонақтар қатысты.
Домбырашы ұстаз Әсел Мейрамқызымен бірге сахнада «Арқалық қаласы білім бөлімінің Бақытжан Байқадамов атындағы балалар музыка мектебі» мұғалімдерінен құралған «Арқа сазы» этно-фольклорлық ансамблі, Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттері, «Дарын» мектебінің оқушылары өнер көрсетті.
Ұлттық аспаптың сазымен үн қатып жүрген республикалық байқаулардың лауреаты Әсел Мейрамқызының жеке ән кешінде концертмейстер Қуаныш Файловнаның сүйемелдеуімен «Шалқыма» күйі, Д.Нұрпейісованың «Науысқы», Дәулеткерейдің «Көрұғлы» шығармасы, халық күйлері «Нар агачи» мен «Жастар биі», «Кербез сұлу», «Жалғых аққу», «Бақтыбайдың әуені», «Ақжелең», «Жібек-Жетісу», Н.Тілендиевтің «Жекпе-жек» және т.б шығармалар орындалды.
Бірнеше ұлттық аспаптардың үйлесімімен әуелеген ән кеші көпшіліктің қошеметіне ие болды.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы