Шұғыл әрі нақты шешімдер қажет

Шұғыл әрі нақты шешімдер қажет

Еліміз ілгері даму үшін оң өзгерістердің қажет екені белгілі. Міне, сондықтан Президентіміз үкіметті таратып және оны қайта жасақтап отыр.

Мемлекет басшысы мұндай қадамға барса, демек оны уақыт талабы деп түсінеміз. Президент Жолдауында бюджетті жасақтағанда бюрократиялық қадамдарға жол бермеу қажеттігін айтты. Біз оның ықпалын бірден сезіндік.

Бюджетті жоспарлаудағы істі кері тартатын үрдістердің бәрі алынып тасталды. Шұғыл әрі нақты шешімдер қабылданатын болды. Нақты айтқанда, «Әділет» саласындағы тіркеуді алып тастады. Бірінші кезекте 4-ші деңгейдегі ауылдық бюджеттен, одан кейін бізден, яғни қалалық деңгейдегі бюджеттен алынып тасталды. Оның нәтижесі – жұмысты жеделдетті.

Қазір көп толғанып отыра беретін уақыт емес. Шұғыл әрі нақты шешімдер қабылдайтын уақыт. Әрине, ол ойластырылған шешім болуы керек. Кез  келген шешім қоғамның талқысына түсіп, сүзгіден өтуі шарт.

Түптеп келгенде қойылатын талап-елдің мүддесі. Ел экономикасының ілгері басуы, халықтың әл-ауқатының артуы.

Сондықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістердің тек оң нәтижелерін күтеміз.

 

Наталья Гайдаренко,

Арқалық қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы.

Жаңалықтармен бөлісу