Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қорытынды Төралқа мәжілісі барысында «Мүфтият үздігі – 2023» номинациясымен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, номинация иегерлерін марапаттады.
Аталған жоба аясында Республика бойынша “үздік қала имамы” Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің бас имамы Әмірханов Шоқан Ғазизұлы атанды.
«Біз биыл да дін қызметінің үздіктерін марапаттау шарасын арнайы осы Төралқа мәжілісінің күн тәртібіне енгізіп отырмыз. Әрине, бәріміз Алла үшін қызмет етеміз. Еңбектің ескерілгені де жақсы. Бұл марапат дін қызметкерлеріне ерекше күш пен жігер сыйлайды деп есептеймін. Аллаға шүкір, діни қызмет аясында жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылында сіз болып, біз болып, ауқымды шараларды бірге атқардық
Біз осы ретте асыл дініміздің абыройын асқақтату, ҚМДБ бекіткен бағыттар бойынша жұмыстанып, үздік нәтижелер көрсеткендігі, әрдайым сауапты істерге белсенді атсалысқандығы, халқымыздың ынтымақ-бірлігін нығайтуға себепкер болып, қайырымдылық іс-шараларға демеушілік жасағаны, қолдау көрсеткені, руханият пен ихсан ілімінің халықтың арасында кеңінен таралуына ықпал еткендігі, білімге деген құштарлығы мен ықыласын көрсетіп, жыл қорытындысы бойынша ең үздік нәтижелер көрсеткендігі, қоғамды ізгілендіруге сүбелі үлес қосып, жалпы халық арасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірнеше қызметкерімізді арнайы марапаттап отырмыз», –деді ҚМДБ Төрағасы.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы