Шөп дайындау науқаны аяқталуға жақын

Шөп дайындау науқаны аяқталуға жақын

Қыста малдың жұтамауы үшін жем-шөп мәселесі өте маңызды. Облыста  күні бүгін төрт түлікке қажетті 1 млн 097,6 мың тонна шөп әзірленді. Оның 549,9 мың тоннасы ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына тиесілі.

Тұрғындар 547,7 мың тонна шөп шауып алды. Аманкелді ауданы бойынша 138 мың тонна, Жанкелдинде 105 мың тонна және Қостанай ауданында 103,5 мың тонна мал азығы қыстақ бастарына жеткізілді.

Пішен қажеттілігі 143 мың тонна. Күні бүгінге дейін  137,9 мың тонна немесе қажетті мөлшердің 96,4% дайындалды. Алтынсарин ауданында 2,5 мың тонна, Б.Майлин ауданында 8,6 мың тонна, Денисов ауданында  25 мың тонна, Қарасу ауданында 3,5 мың тонна, Меңдіқара ауданында  8,6 мың тонна, Ұзынкөл ауданында 3,5 мың тонна, Федоров ауданында 25,3 мың тонна пішен салынған.

Ал, өңірде әзірге 1200 тонна сүрлем әзірленген.  Бұл қажетті мөлшердің 0,8%-не ғана тең. Яғни,  Алтынсарин ауданында 700 тонна, Денисов ауданында 500 тонна сүрлем дайын. Жалпы, облыс бойынша барлығы  143,4 мың тонна сүрлем қажет. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов маңызды шараны уақытылы аяқтау керектігін ескертті. Әсіресе, жекенің малы үшін қажетті мөлшерде мал азығын дайындау кешеуілдемеуі тиіс.

            –Ертең, қыстың күні жұрт шөп жетпей қалды демесі үшін осы бастан мал азығының мол қорын жасап алу керек. Оның бағасы жалпыға ортақ қолжетімді болғаны дұрыс. Аудан басшыларына мен осы мәселені қадағалауды тапсырамын, – деді өңір басшысы.

Әлібек ЫБЫРАЙ

 

Жаңалықтармен бөлісу