Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Шетелдегі барлық 79 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы сайлау учаскесі жабылды. Дауыс беру 24 тамызда Астана уақытымен сағат 08:00-де аяқталды.

61 елде дауыс берген Қазақстан азаматтарының жалпы саны 9623 адамды құрады. Бұл дауыс берушілердің 84,4% келуін қамтамасыз етті.