Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионы атанды

Отандасымыз Әділжан Жаудинов Гуаякильде (Эквадор) өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, финалда Әділжан Ресей өкілі Абдулманаф Рамазановтан басым түскен. Осылайша, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанып отыр.

Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін Ғабит Расулхан (60 келіге дейін) мен Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) чемпион атанған еді.

Ал Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін) және Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль иеленді.

Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.