Қазіргі уақытта шегірткеден қорғау мен мониторингтік іс-шаралары жалғасуда. Мәселен, 10 шілдедегі жағдай бойынша 1 920,076 мың га алаңда тексеру жүргізілді, оның ішінде 630,878 мың га жерге шегіртке шапқаны анықталып отыр. Ол алқаптардың экономикалық зияндылық шегінен жоғары өңдеуге жататыны 368,010 мың га. Жалпы өңделген алаң – 320,301 немесе болжамды көлемнің 75,7% тең.
Осылайша, облыста шегіртке зиянкестерімен күрес тұрақты бақылауда. Шегірткемен күресу бойынша жедел және үйлесімді жұмыс атқарылып, ауылшаруашылық дақылдарын қорғау жұмыстары барынша күшейтілді. Уақытында химиялық өңдеу жүргізілді. Облысқа табын шегіртке зиянкестеріне қарсы препараттардың барлық қажетті көлемі берілген: Вантекс – 4150,7475 л, Карат супер – 4011,6875 л, Тиаметрин – 26 691,875 л, Фипрон – 419,8025 кг. химиялық өңдеу қызметтерін жеткізушілер анықталды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына арнайы келіп, жағдайды тікелей бақылауына алды.