“Шақырылмаған қонақ” алты жылға сотталды 

“Шақырылмаған қонақ” алты жылға сотталды 

Федоров ауданының тұрғыны үйде ересектердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін кәмелетке толмаған баланың сеніміне кіріп, шұжық пен басқа да тағамдарды ұрлап кеткен. Жергілікті fedorovkanews.kz басылымы өзімен пышақ алып жүрген қаскөйдің ізінде адам шығыны болмағанын хабарлайды.

Алайда, қамқор иелерінің тоңазытқышы азық-түлікке толы екенін біліп,  ұрлық жасаған жеріне қайтадан оралыпты. Ол жерден жеті мың теңгеден астам соманың азық-түлігін алып шыққан.

– Әрине, ұрлық фактісі ғана емес, баланың осы сәтте зардап шегу мүмкіндігі таң қалдырады. Бұл жайлы естісе, ата-аналар да балаларды қараусыз ашық қалдырмауды түсінер деп ойлаймын. Ал, егер бала қарсылық көрсетсе немесе “шақырылмаған қонаққа” ұнамайтын басқа нәрсе болса, неге әкеп соғауы мүмкін еді, – дейді аудандық соттың төрағасы Н. Берликешева.

Кейін құрықтылған тұрғынның бірнеше күн бұрын кездейсоқ өтіп бара жатқан көліктен 55000 теңгенің қосалқы бөлшектерін ұрлап кеткені белгілі болған.

Оған осы қылмыстардың барлығын өтелмеген мерзімде жасағандықтан, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына байланысты алты жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Жаңалықтармен бөлісу