Қостанайда жаңа алаяқтық жүйе пайда болды

Қостанайда жаңа алаяқтық жүйе пайда болды

Солтүстік полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы хабарлаған әйел жүгінді. Ол WhatsApp әлеуметтік желісінде ет сату туралы хабарландырулар жарияланған топқа хабарлама жазғанын айтқан. Топ әкімшісі қазіргі таңда тартылған ет таусылып қалғанын хабарлайды. Кейінірек ол бейтаныс нөмірден тартылған етті топта ұсынылған бағадан да арзанға сатып ала алатындығы туралы хабарлама алады. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге көлемінде ақша жібереді. Бірақ сатып алған өнімін мүлде көрмеген. Жәбірленуші полицияға жүгінуге шешім қабылдады.

Хабарлама тіркелді және осы дерекке сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Полиция кезекті мәрте облыс тұрғындарын қырағы болып, күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырады.

 

Облыстық полиция департаменті

Жаңалықтармен бөлісу