Шалғайдағы ауылда мұғалімдерге арналған семинар өтті 

Шалғайдағы ауылда мұғалімдерге арналған семинар өтті 

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы Қостанай облыстық филиалының Денисов ауданында ұйымдастырған іс-шарасы “Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері ” тақырыбында өрбіді.

Түйемойнақ өңіріндегі білім ордаларында қырықтан астам қазақ тілі пәнінің мұғалімі жұмыс істейді. Бұл дегеніміз, бір ауданда қазақ тілінің қырық жанашыры бар деген сөз. Ол мұғалімдерді оқыту олардың кәсіби біліктілігін арттырып, оқушыларға сапалы білім беруге мүмкіндік береді”, – дейді облыстық филиалдың жетекшісі Заңғар Санай.

“Ұстаздар қауымы мен тілдерді оқыту орталығының мамандарына  «Өрлеу» БАҰО АҚ Қостанай облысы бойынша кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі Ғалия Сапарбекқызы мен Үздік педагог Қымбат Исланбекқызы шеберлік сынып көрсетті. Семинарға қатысқан мұғалімдер жаңа педагогикалық әдістер мен технологияларды үйреніп, алдағы сабақтарды қызықты әрі тиімді өткізуге ой түйді.

Үздік педагог жиынның мақсаты оқушылардың әртүрлі оқу стилдерін, қажеттіліктерін түсіне отырып, көмектесу екенін айтып отыр.

“Семинар барысындағы жаңа білім мен дағдылар мұғалімдердің өз жұмысына деген қызығушылығын арттырып, олардың шабыттануына себеп болғаны қақ. Ал мұғалімдердің білімі артқан сайын, оқушылардың да оқу жетістіктері жоғарылай түседі. Бұл мектептің жалпы көрсеткішіне оң әсер етеді.Сондықтан мұғалімдерді оқыту білім беру жүйесін нығайтып, оқушылардың дамуына, елдің жалпы білім деңгейін көтеруге үлкен үлес қосады”, – дейді Қымбат Бірманова.

 

 

Жаңалықтармен бөлісу