Бүгін Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғановқа еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі — III дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
Бұл марапат – оның көпжылғы еңбегі, қоғамға қызмет ету жолындағы азаматтық жауапкершілігі мен адалдығы үшін халықтың шынайы ықыласы және зор құрметінің белгісі.
Серік Шыңғысұлын осы лайықты мемлекеттік марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Зор денсаулық, еңбекте табыс және Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне жаңа жетістіктер тілейміз.
