Қос споршымыз қысқы Олимпиадаға қадам жасады

Қос споршымыз қысқы Олимпиадаға қадам жасады

Ақпан айында өтетін XXV Қысқы Олимпиада ойындарына шаңғы жарысынан қатысуға жолдама алған жерлестеріміз, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Виталий Пухкало және Наиль Башмаков Алматыға қаласына аттанды.

Наиьл Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тасөткел ауылының тумасы.  2013 жылы Қостанайға оқуға келіп,  осы жерде араға бес жыл салып Қазақстан құрамасының құрамына ілікті.

«Колледжді аяқтап, Қостанай педагогикалық институтына түстім. 2018 жылдан құрамаға іліге бастадым. Бұл – менің отыз жастағы алғашқы Олимпиадам», – дейді Наитл.

Ол биыл өз бетіммен жаттыққанын айтады.

blank

«Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармаының  қолдауымен. бәрі жоспарлағандай болды деп ойлаймын. Алдағы дода дайындықты қатты талап етеді. Былтыр Азия ойындарын бағындырсақ, бұл меже одан жоғарырық. Жолдама берді, енді сол үмітті ақтау парызым», – дейді ол.

Бұл екеуінің Щушинск қаласынан жаттығудан келіп тұрған беті. Осыдан кейін Алматыда жаттығудан өтіп, үшінші ақпанда Миданға ұшады. Сегізінде алғашқы биатлоннан жарыс күтіп тұр. Бестіктен, ондықтан көрінуге тырысқанымен, жүлдеге де таласуға болады дейді кейбір бапкерлер құрамы аяқ алысмтарына қарап. Әйтсе де әлемдік деңгейдегі қарсыластары – Норвегия, Швеция, Германия, Швецария елінің алпауыттарымен күресуге тура келеді.

Виталий Пухкало халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Шаңғымен тоғызыншы сыныптан бері айналысып келеді.

blank

«Бұл – менің үшінші Олимпиадам. Бұл додада да діттіген межеге жетемін деп ойлаймын. Өткен жолы отыздыққа ендім.  Дайындық жақсарып келеді. Еліміз жағдай жасап жатыр. Үмітті ақтауға тырысамыз. Скандинавиялық елдер – негізгі қарсыластарымыз. Жиында қолдауышыларымыз медикаменттермен қамтып жатыр», – дейді отыз екі жасында он сегіздегі қалпынан таймаған бағындырған Виталий.

Қос спортшы жолға шығар алдында облыс әкімнің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтің қабылдауынан өтті.

blank

«Сіздерді үлкен жарыс алдында көріп жатқанымызға қуаныштымыз. Олимпаиада ойындарында сіздерге мына жақта сәттілік тілеп отыратын болдық. Арманға мақсат қоятын маңызды белесте олимпиада лицензиясын жеңіп алып отырсыздар. Облыстағы жеті үміткердің арасынан комиссияның таңдауы сіздерге түсті. Облыс тұрмақ, күллі қазақ елі сіздерге жанкүйер. Дайындық барысы ауыр кезеңдердерді талап ететіні түсінікті. Еліміздегі жауапты кезеңде қажетті нәтижені дәлелдеп көрсетіп беріп жатсыздар. Материалдық жабдық жағынан үкімет жан-жақты көмектесуді ұйғарды. Халықаралық стандартқа негізделген жиында  өткізіліп жатыр», – деп сөзін түйіндеген Бақытжан Нарымбетов Виталийдің тәжірибесі көбірек екенін де айтып жатыр.

blank

Ол  Шығыс Азия кубоктарында елімізге жүлде алып берген бірден-бір атлет. Наиьл да Азия ойындарында жақсы жетістікке жеткенін білеміз. Алдағы додада сәттілік тілеп, сый-сияпаттарын табыс етті.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген – Бердіболат Көркембаев