Сепаратизм ісі: “Халық кеңесі” өкілдеріне үкім кесілді

Сепаратизм ісі: “Халық кеңесі” өкілдеріне үкім кесілді

“Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс істейтіндердің халық кеңесі” аталатын ұйымның мүшелеріне қатысты сот талқылауы аяқталды, деп хабарлайды Петропавловск.news.

Басылым мәліметінше, ұйымның 19 мүшесінің төртеуі күдікті ретінде тергелген. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары, Петропавл тұрғындары.

Сот “Халық кеңесінің” ұйымдастырушысын 9 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейді. Белсенді қатысушылар 7 жылға бас еркіндігінен айыру жазасы тағайындалды.⠀

“Осылайша, З., Б., К. және Б. ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы 2-бөлігі (“Тұлғалар тобының БАҚ-ты немесе коммуникация желісін қолдана отырып, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттау, осы мазмұндағы материалдарды дайындау, сақтау және тарату”), ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігі (Тұлғалар тобының сепаратистік әрекеті – БАҚ-ты немесе коммуникация желісін қолдана отырып, ҚР біртұтастығын бұзу, оның аумағының дербес құқықтығы мен  иеліктен шықпаушылығына нұқсан келтіру әрекетін насихаттау,  осы мазмұндағы материалдарды дайындау, сақтау және тарату”) бойынша, конституция құрылымына және мемлекет қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс жасады деп танылды”, – деді айыптау актінде мемлекеттік айыптаушы Тимур Құлжанов.⠀

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтармен бөлісу