Сарыкөл көшелері самаладай жарқырай түспек

Сарыкөл көшелері самаладай жарқырай түспек

Сарыкөл ауданы бойынша көшелерді жарықтандырумен 100% қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Амантай Балғарин ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде айтты.

-Сарыкөл ауданының даму жоспарына сәйкес барлық елдімекендерді жарықтандырумен 100% қамту 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. Соңғы уақытта аудан бойынша көшелерді жарықтандыруға бюджеттен 71 млн 900 мың теңге бөлініп, барлығы 1346 жарық шам қойылды. Осы жылы 415 жарық шам орнатылатын болады, – деді баяндама барысында Амантай Кәкімбекұлы.

Халықтың игілігі үшін жасалынып жатқан бұл қуанышты жаңалық біріншіден қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында болса, ал екіншіден самаладай жарқыраған көшелердің саны артқан сайын ауданымыздың түнгі келбеті әдемілене түспек.

Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы

Жаңалықтармен бөлісу