Сарыкөл ауданының білім саласы ұжымымен мазмұнды кездесу өтті

Сарыкөл ауданының білім саласы ұжымымен мазмұнды кездесу өтті

Сарыкөл ауданына жұмыс сапарымен келген аймақтық коалиция мүшесі, “AMANAT” партиясы облыстық филиалының мүшесі Айтжан Есенгелдинов алдағы республикалық референдум қарсаңында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың ел дамуына ықпалы жан-жақты талқыланды.

Іс-шара аясында Сарыкөл аудандық білім бөлімі мен Сарыкөл аудандық өнер мектебі ұжымдарымен ашық пікір алмасу өтті.

Кездесу барысында Айтжан Тайгенұлы өз сөзінде:

«Конституция – бұл мемлекеттің басты құжаты ғана емес, әр азаматтың құқығы мен болашағының кепілі. Алдағы референдум – еліміздің даму бағытын айқындайтын маңызды қадам. Сондықтан әрқайсымыз белсенділік танытып, өз таңдауымызды жасау арқылы мемлекетіміздің ертеңіне үлес қосуымыз қажет. Әсіресе білім саласының қызметкерлері жас ұрпаққа құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетуі тиіс», – деп атап өтті.

Сондай-ақ ол ұсынылып отырған өзгерістер билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қоғам мен мемлекет арасындағы өзара сенімді арттыруға бағытталғанын жеткізді.

blank blank

Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерімен бөлісті.
Іс-шара конструктивті диалог форматында өтіп, алдағы референдумның маңызын терең түсіндіруге мүмкіндік берді.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
Сарыкөл ауданы