Қостанай қаласы әкімдігі жанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Комиссия отырыстары бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын өткізіледі.
Өткен жылы комиссияның төрт отырысы ұйымдастырылды. Барлық ақпарат әкімдіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады.
«Қаладағы барлық мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың маңызды тетігі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәжірибесі енгізілген. Аталған талдау жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі. Ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған тәуекелдерге байланысты ұсынымдар әзірленіп, олардың орындалуы бақылауға алынады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар беріледі. Ішкі талдау материалдары қала әкімдігінің ресми сайтында ашық түрде орналастырылады. Былтыр сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау маусым айында жүргізілді», – дейді Қостанай қаласы әкімі аппаратының басшысы Максим Моргунов.
Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабына сәйкес қалаға қарасты барлық ведомстволық ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жүзеге асыруға жауапты қызметкерлер айқындалған. Комплаенс-офицерлер тарапынан қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы зерделеу бойынша тұрақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Былтыр квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ресми сайттарында «Сыбайлас жемқорлық картограммасы» атты жаңа жоба енгізілді.
«2023 жылғы 28 сәуірдегі мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес Қостанай жылу энергетикалық компаниясында «Парақорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» халықаралық стандарты талаптарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу бойынша қызметтер көрсетілуде. Осы бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процестері мен рәсімдерін халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендіруге бағытталған кешенді іс-шаралар іске асырылуда. Қажетті нормативтік құжаттар әзірленіп, бекітілді, атап айтқанда:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің ішкі аудит қағидалары
– Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі
ISO 37001 стандарты шеңберінде кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Негізгі мақсат – ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, кәсіпорын қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу», – дейді аппарат басшысы.
Осы жұмыс аясында:
* қызметтік әдеп, мінез-құлық және мүдделер қақтығысын реттеу мәселелерін айқындайтын ішкі нормативтік актілер әзірленіп, бекітілді;
* қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарымен қолхат арқылы таныстырылды;
* сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты үйлестіруге жауапты қызметкер тағайындалды;
* қызметтік тәртіп пен еңбек әдебінің сақталуына тұрақты бақылау жүргізіледі;
* сатып алу, кадр мәселелері, халыққа қызмет көрсету секілді сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерге мониторинг жасалады;
* құқық қорғау органдарымен бірлескен профилактикалық іс-шаралар мен оқыту семинарлары ұйымдастырылады;
* ақпараттық стендтер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы материалдар орналастырылған;
* қызметкерлерге кері байланыс арналары және сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша анонимді түрде хабарлау мүмкіндігі түсіндірілген;
* сатып алулар, конкурстар және есептер туралы ақпарат ресми ресурстарда жарияланады;
* жұмысқа қабылдау және материалдық ресурстарды бөлу кезінде ашықтық қағидаттары қамтамасыз етіледі;
* ай сайынғы есеп-хабарламаларда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы 1424 call-орталығына хабарласу қажеттігі жөнінде ақпарат беріледі;
* жылыту маусымы алдында абоненттік қызмет инспекторлары мен бақылаушыларына берешегі бар тұтынушыларды жылумен жабдықтау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
«Есепті кезең қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Азаматтарды жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы ақпараттандыру және тиісті мәдениетті қалыптастыру үшін баспа бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде мақалалар жарияланады. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолдайтын материалдармен қатар, мемлекеттік мекемелердің де мақалалары жарық көреді. Тұрақты түрде тікелей эфирлер өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар жасалады, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылады», – дейді Максим Моргунов.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
Өткен жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс», «Мемлекеттік қызметтегі әдеп және кәсібилік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық» курстары бойынша екі мемлекеттік қызметші оқытудан өткен.
«Комек аланы» өңірлік жобалық кеңсесі алаңында «Antikorlive» жобасы аясында тікелей эфирлер өткізіледі. Мемлекеттік органдар басшылары мен мамандарының қатысуымен 40-тан астам тікелей эфир ұйымдастырылды. «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында қала әкімдігі қоғаммен өзара іс-қимылға ашық. Қостанай қаласы әкімдігі аппаратына 3000-нан астам өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге заңнамада белгіленген мерзімдерде жауаптар берілді. Сонымен қатар, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарына тұрғындардан келіп түсетін өтініштер, ұсыныстар мен тілектер қаралып, тиісті жауаптар жолданады», – дейді аппарат басшысы.
Осы жылы №4 Үлгілік базалық бағыт – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасын іске асыру бойынша жобалық басқару әдістері қолданылып, ұйымдастырушылық құрылым айқындалған. Жобалар картасында көзделген барлық міндеттер уақытылы орындалып, «Битрикс» жүйесіне енгізіледі.
«Қостанай – мінсіз бедел қаласы» меморандумы Қостанай облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаменті мен Қостанай қаласы әкімдігі арасында «Қостанай – мінсіз бедел қаласы» тақырыбында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Аталған меморандумның мәні – қаладағы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік саясатқа адалдығын қалыптастыру, оны дәйекті түрде жүзеге асыру, мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген қоғам сенімін сақтау және нығайту бағытында өзара іс-қимыл жасау», – дейді Максим Моргунов.
Сералы МЫРЗАБАЙ
