Жас спортшылар Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған жарыста жоғары нәтиже көрсетті. Жарыстар қысқы төрт спорт түрі бойынша ұйымдастырылды. Хоккей, қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғыдан сынға түсті.
Сайысқа облыстың қалалары мен аудандарының командалары қатысты. Жас спортшылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, табандылығы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті.

Сарыкөл ауданының командасы барлық спорт түрлері бойынша лайықты өнер көрсетіп, жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Спортшылар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегінің, сондай-ақ қатысушылардың табандылығының арқасында аудан құрамасы жоғары көрсеткіштерге жетті.

Барлық жарыстардың қорытындысы бойынша Сарыкөл ауданының командасы Қостанай облысының қалалары мен аудандары арасында жалпыкомандалық есепте І орынды иеленді. Бұл жетістік – ауданда спортты дамыту бағытында жүргізілген жүйелі жұмыстың және жас спортшылар мен олардың жаттықтырушыларының еңбегінің нәтижесі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты өнер көрсеткені үшін марапатталды.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суретті Сарыкөл аудандық білім бөлімі ұсынды
