Арқалықта «Сөз бен саз» байқауының облыстық кезеңі басталды 

Арқалықта «Сөз бен саз» байқауының облыстық кезеңі басталды 

Республикалық іс-шара «Арқа сазы» ансамблінің ән мен күйімен ашылды.

blank «Дене тәрбиесі және қосымша білім беру» өңірлік орталығының әдіскері Әйгерім Мұратбекқызы байқаудың маңыздылығын айқындап, жас таланттарға қолдау білдірді.
blank

blank blank blank blank Жалпы, байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank Қатысушылардың жасы  8-18 жас аралығында, дәлірек айтсақ, 8-13 және 14-18 жас санаттарымен «Жас ақын», «Жас дәстүрлі әнші», «Жас күйші» номинациялары бойынша сынға түседі.

blank

«Біз бұған дейін қалалық білім бөлімімен бірлесіп байқаудың қалалық кезеңін өткізген болатынбыз. Оған қаламен қатар қалаға қарасты ауыл мектептерінің де оқушылары көптеп қатысты. Енді міне, жоғары басшылықтан бізге жүктелген міндетке сай байқаудың облыстық кезеңін өткізіп жатырмыз. Облыстың бірнеше аудан-қалаларынан Қарасу, Наурызым, Амангелді, Жангелдин аудандарынан, Қостанай қаласынан оқушылар келіп өз өнерлерін ортаға салып, бақтарын сынап жатыр. Өнерлері жақсы. Үздік деп танылғандарына республикалық шараға жолдама беретін боламыз», – дейді байқауды ұйымдастырушы Арқалық қаласындағы Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің директоры Жақсыгүл Бөлтірікова.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ 

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                              Арқалық қаласы