Салт-дәстүр салтанат құрды

Салт-дәстүр салтанат құрды

Қостанай ауданы білім бөлімінің “Жамбыл жалпы білім беретін мектебі” КММ мектепке дейінгі “Балапан”, даярлық сыныптарында топ аралық  “Армысың, әз Наурыз” іс-шарасы аталып өтті. Бұл дәстүрлі іс-шараға тәрбиеленушілер, тәрбиешілер, ата-аналар және арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Кішкентай бүлдіршіндер ою-өрнектеп тігілген, көздің жауын алатын киімдерді киіп, би билеп, ән салып, ұлттық ойындар т.б. өнерлерін көрсетіп, көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар Наурыз мерекесіне арналған ұлттық нақышта безендірілген бұрышта қазақтың дастарханы жайылды. Өнерлі әжелеріміз  “Тұсау кесу”, ” Баланы бесікке салу”, “Шашу”,  “Текемет басу” ұлттық көріністерін көрсетіп, мерекенің шырайын келтірді. Мектеп директоры А.Ж. Ахметов бүгінгі шараның қонақтарын, кішкетай бүлдіршіндерді, ата-аналарды, шағын орталық ұжымын ақ тілегін айтып құттықтап, марапаттады. Мерекеге келген ата-аналар дән риза болып, өздерінің жылы лебіздерін білдіріп жатты. Шара соңында қонақтар арнайы дайындалған наурыз көжеден дәм татып, баталарын берді.

Жаңалықтармен бөлісу