Рудный қаласының сәулеттік келбеті тағы бір заманауи әрі ірі нысанмен толықты. «QC HOLDING» компаниясы салған жаңа «ABYROY» апарт-отелі ресми түрде есігін айқара ашты.
Ашылу салтанатына қала тұрғындары, инвесторлар, құрметті қонақтар, БАҚ өкілдері мен компания басшылығы қатысты.

Қатысушыларға нысанның ішкі инфрақұрылымы таныстырылып, фуршет пен ойын-сауық бағдарламасы ұсынылды.

Қонақтардың алғашқы әсері нысанның сапасы мен деңгейін айқын көрсетті.

Көпшілік мұндай заманауи жобаның Рудный үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.
Рудный қаласының тұрғыны Виталия Карабанова жаңа апарт-отельге қатысты өз әсерімен бөлісті:
«Мен бұл ғимараттың құрылыс кезеңінде де болып көргем.Тіпті әкімге көрсетілген 105-нөмірлі апартаментті сол кезде көрдім.Жоба әлі толық аяқталмай тұрса да,сапасы мен стилі қатты таңғалдырған.Қаламыз үшін ғана емес,жалпы облыс деңгейінде жоғары стандарттағы нысан. Аким айтқандай, бұл — нағыз астана деңгейіндегі жоба. Бізде командировкамен келетін адамдар көп, бірақ оларға лайықты,заманауи тұрғын үй табу қиын. Көп пәтерлер ескі,совет кезінен қалған жөндеумен. Ал «ABYROY» — мүлде басқа деңгей: жарық түстер,заманауи интерьер,сапалы жиһаз. Өте жайлы жағдай жасалған», – деді ол.
Жоба авторлары бастапқыда бұл ғимаратты көппәтерлі үй ретінде жоспарлаған. Алайда кейін қаладағы қажеттілікті ескеріп, концепцияны апарт-отельге өзгерту туралы шешім қабылданған.

Бұл туралы «QC HOLDING» өкілі Нұралхан Әмірханұлы Күлчиков былай дейді:
«Бастапқы ойымыз — тұрғын үй салу болатын. Бірақ алдағы жоспарларды әкімдікпен талқылай отырып,қаланың қонақүй инфрақұрылымын дамыту қажеттілігі анық көрінді.Осылайша жобаны апарт-отель форматында жүзеге асыру туралы шешім қабылдадық.Құрылыс жұмыстары шамамен 1 жыл 4–5 айға созылды.Бұл нысан инвесторлар үшін де,қалаға келетін қонақтар үшін де үлкен қолайлылық туғызады».
Ашылу шарасына келген қонақтардың назарын ең алдымен ғимараттың ішкі дизайны аудартты.
Жарық түсті интерьер, кең холдар, заманауи жиһаз және кеңістіктің функционалды шешімдері — барлығы да жоғары деңгейдегі қонақүй стандарттарын еске салады.Көптеген тұрғындар дәл осындай сапалы инфрақұрылымның қалада бұрын-соңды болмағанын атап өтті.
«Осындай деңгейдегі нысандардың Рудныйда көбірек болғанын қалаймыз. Бұл — қаланың дамуы үшін қажет», – дейді тұрғындар.
Компания өкілдері «ABYROY» апарт-отелінің тек сәулеттік нысан емес, сонымен қатар Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ететін маңызды объект екенін атап өтті.
Ашылу салтанаты жай ғана таныстырылым емес, мазмұнды бағдарламаға толы шара болды. Қонақтарды кіреберісте жас домбырашылар ұлттық әуенмен қарсы алып, дәстүрлі шашу шашылды.

Шара барысында қонақтар арасында шағын ойындар ұйымдастырылып,жеңімпаздардың есімдері кейін арнайы сертификаттар табыстау үшін тіркелді.
Сонымен қатар келгендерге фуршет форматында тағамдар, сусындар және хош иісті кофе ұсынылды.Жалпы атмосфера достық көңіл-күймен өтіп, қонақтар жаңа нысанның ашылуын жылы қабылдады.Қонақтарға арналған қосымша ыңғайлылықтар: «ABYROY» апарт-отелінде барлық қонақтар үшін тегін Wi-Fi қызметі қарастырылған.Бұл ұзақ мерзімге де,қысқа мерзімге келетін қонақтар үшін ыңғайлы интернетке қосылуға мүмкіндік береді және жұмыс істейтін немесе демалатын адамдар үшін қолайлы жағдай жасайды.

ABYROY» апарт-отелі Рудный үшін жаңа деңгейдегі қонақүй болып саналады.Жобаның заманауи дизайны,жайлы интерьері және қосымша қызметтері қалаға келетін қонақтар мен тұрғындарға ыңғайлы жағдай туғызады. Бұл нысан тек тұрғындарға ғана емес, қаланың экономикалық және әлеуметтік дамуына да серпін береді.
Ақерке Арыстанбай,
ҚӨУ — нің 3 — курс студенті
