Мемлекеттік тілдің дамуы мен насихатталуына арналған маңызды форумда сөз алғандар тіл саясатының өзекті мәселелері жайлы тілге тиек етті.
Қазіргі қоғамдағы мемлекеттік тілдің рөлі, оның маңызы, жаңа заман талаптарына сай даму жолдары хаһында сөз етті.
Жаңа заман талаптарына сай даму жолдары зерделенді.
“Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде “Тілі бірдің – тілегі бір” атты тіл форумын жыл сайын өткіземіз. Оған 300-ден астам адам қатысты. Негізгі көздегеніміз тіл мәдениетін жастар арасында дамыту. Мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту. Тіл мәртебесін арттырып, оның нығаюына сеп болу. Форумды өткізу 2016 жылы қолға алынды. Сол жылдан бастап әр түрлі форматта өткізіп келеміз. Ал осы жолғы форумның атауын “Тілі бірдің – тілегі бір” деп алуымыздың өзіндік себебі бар”, – дейді Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Жаңбыршина.
Кеншілер қаласында “Тілі бірдің – тілегі бір” атты іс-шара дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, жыл сайын ауқымын кеңейтуде. Форум тек марапаттау рәсімімен шектелмей, концерттік бағдарламалармен толықты.
Концерттік бағдарлама форумның ең жарқын сәттерінің бірі болды. Сахна төрінде өңірдің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Қазақтың ұлттық әндері мен күмбірлеген күйлері көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Бағдарлама барысында форум қатысушыларына мемлекеттік тілдің маңыздылығын дәріптейтін патриоттық әндер орындалды.
Биыл, алғашқы Тіл туралы заңның қабылданғанына – 35 жыл толды. Қалада мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған іс-шаралар мұнымен шектелмейді.
Тілдерді оқыту орталығы жұмыс істеп тұр. Сол орталықта өзге ұлт өкілдері қазақ тілін жыл он екі ай үйреніп жүр. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба бермек. Толығырақ газеттен оқи аласыздар.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Ерасыл Талғатов