Рудныйда қалалық маршруттарда картамен төлем жасау қолжетімді болмақ. Қазіргі уақытта “AlemPay” ЖШС-мен шарт жасасып, қажетті жабдықтар әзірленуде. 2023 жылдың 19 маусым күні іске қосылады. Бұл туралы rydnyi.qostanai.media мәлімдеді.
19 маусымнан 19 тамызға дейін пилоттық режимде жұмыс істейді, оның барысында азаматтардың негізгі санаты үшін жол ақысы – 100теңге, картамен және қолма-қол төлем жасалады. Сараланған тариф күшіне енгеннен кейін, картамен 100 теңге, қолма-қол 150 теңге.
“AlemРay” картасының төрт түрі ұсынылды, оның қызыл түсі – 3 топтағы мүгедектер мен зейнеткерлерге ақысы 90 теңге. 18 жасқа дейінгі балаларға – жасыл түсті карта 50 теңге. Ал, көк түсі қарапайым қала тұрғындары үшін 100 теңге.
Халықтың әлеуметтік осал топтарына – 1,2 топтағы мүгедектерге, көп балалы аналар мен «ауғандықтар» және «чернобыльдықтарға» – сары карта қызмет көрсететін болады. Карта сатып алу құны – 500 теңге.
Жансая Аянқызы.