Бұл туралы Қостанайй облысының ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Рудный қалалық полиция басқармасына Қашар кентінде 4-қабаттағы балконнан егде жастағы әйел жерге түсуге тырысып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Ол төсек жапқыштарын бір-біріне байлаған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Тілектес Аубакиров барған, – делінген хабарламада.
Полиция қызметкері дереу төртінші қабатқа көтерілді. Бірақ пәтер есігі жабық болған. Содан кейін ол зейнеткердің жоғары қабаттағы көршісіне барып, балкон арқылы әйелмен сөйлесе бастаған. Ол үйде жалғыз қалғанын, ұлы жұмысқа кетіп, есікті сыртынан кілттеп кеткенін айтқан. Әйел есікті аша алмай, осылай шығуға тырысқан.
“Мен зейнеткермен сөйлесе бастадым. Оны тыныштандыруға тырыстым және осы уақытта әйелдің туыстарына қоңырау шала бастадым. Біраз уақыттан кейін оның жиені келді. Ол азаматта үйдің қосымша кілті болды”, – деді учаскелік полиция қызметкері.