Одан табылған «а-PVP» препараты аса ауыр қылмыстық күдікке айғақ болып отыр. Ол Телеграмм каналы арқылы курьер болып жұмысқа орналасқан. Zip-пакеттеріне оралған есірткінің ірі партиясын алып, өңірдің бірнеше қалаларына жасырып кеткен.
“Синтетиканы өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Осы қылмысы үшін оны 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр”, – дейді облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов.
Қылмыстың осы түрін алдын алу үшін жыл басынан бері полицейлермен жеңіл ақша табудың жарнамасымен 120-дан астам сілтеме бұғатталды. 300 грамнан астам синтетика тәркіленген 10 есірткі орнын жасырушы ұсталды.