Қауіпті медициналық қалдық сақтаған қойма иесінің жолы кесілді

Қауіпті медициналық қалдық сақтаған қойма иесінің жолы кесілді

Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының мәліметі бойынша, мемлекеттік сатып алу құқықығын жеңіп алған «А» ЖШС қауіпті медициналық қалдықтарды шығарып, кәдеге жарататын қызмет көрсетуді қолға алады

Кейін белгілі болғандай, жосықсыз мердігер, ЖШС-нің кәдеге жарату қуаты Астана қаласының маңында орналасқандықтан,  заңда көзделген (әр 3 күн сайын қалдықтарды өзінің кәдеге жарату объектісіне апармауды) шартты орындамауды жөн көреді. Сөйтіп қалдықтарды Қостанайдағы заңсыз қоймада сақтай бастаған.

Табиғат прокурорлары қауіпті қалдықтарды жинау барысында қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмағанын анықтады.

Сонымен қатар, кәсіпорын елордаға қауіпті жүктерді тасымалдау үшін мамандандырылған көлікті емес, мобильді қосымшамен жалға алынған кәдімгі жүк көлігін пайдаланған. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 332-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жаңалықтармен бөлісу