Полиция Рудныйдың 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол өзінің туған күнін жалдамалы үйде атап өтпек болған ер адамға жоқ коттеджді жалға беріп, сан соқтырған.
Алаяқ OLX платформасы арқылы мерекені өткізу үшін жайлы коттеджді жалға алуды ұсынып, ол үшін 70 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Ер адам ұсынысқа қызығушылық танытып, оған 35 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған. Осыдан кейін қаскүнем оны бұғаттап, байланысқа шықпаған.
Алаяқтық дерегі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Әйел 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.