27 июня, 2025
Рудный қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізіледі 

Рудный қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу шаралары өткізіледі 

Қостанай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы ағымдағы жылдың 30 мамырынан бастап Рудный қаласының аумағында «Найза-Антитеррор-2025» жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына дайындық іс-шаралары басталатынын хабарлайды.

Оқу-жаттығу шеңберінде арнайы техника, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы органдардың әртүрлі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады.

Іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қаланың жекелеген көшелерінде автокөлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.

Қала тұрғындарын сабыр сақтап, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің талаптарын орындауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Түсіністік пен ынтымақтастықтарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Фото: yandex. com