26 мая, 2025
Республикалық қысқы Спартакиададан екі жүлде түсті 

Республикалық қысқы Спартакиададан екі жүлде түсті 

Қазақстан Республикасының VI қысқы Спартакиадасынан облыс шорт-трекшілері екі бірдей жүлдені иеленді. 500 метр қашықтықта руднылық Глеб Ивченко чемпионы атанса, осы қашықтықта Полина Омельчук қола жүлде жеңіп алды.

«VI Қысқы Спартакиада – спортшыларды халықаралық жарыстарға дайындаудың маңызды кезеңі. Қазақстан өңірлері арасындағы спорттық бауырластықты нығайтады», – дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.