Республикалық конкурсқа құжат қабылдау басталды

Республикалық конкурсқа құжат қабылдау басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Волонтерлік саласындағы іс-шаралар кешенін ұйымдастыру «Birgemiz: areket yaqyty»» (Республикалық волонтерлер фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру)» стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс бағыты бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.

Конкурсқа өтініш берушілердің құжаттары ағымдағы жылғы 26 наурыздан бастап 24 сәуірде 18:30-ға дейін volunteer@mki.gov.kz электрондық мекенжайға қабылданады.
Конкурстық құжаттамамен көрсетілген сілтеме бойынша танысуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/632120?lang=kk

Стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032852 ), сондай-ақ бекітілген конкурстық құжаттамаға сәйкес, әлеуетті өнім берушілер (ҮЕҰ) Қағидалардың 3-тарауының 7. тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Конкурсқа ұсыну үшін қажетті құжаттар пакеті Қағидалардың
3-тарауының 10  тармағында көрсетілген.

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 74-09-97, 74-12-86, 74-02-17.

Ескерту!
Өтінімді volunteer@mki.gov.kz электрондық мекенжайға жібергеннен кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында 8 (7172) 74-09-97 нөмірі бойынша бізбен міндетті түрде хабарласуыңызды сұраймыз.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу