Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына ескерту жариялады

Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындарына ескерту жариялады

Дәл қазір Қаратомар және Желқуар су қоймаларынан су ағызу көлемін ұлғайту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

“Судың көбеюі мұздың қалыңдығын азайтады, бұл балықшылар үшін қауіпті жағдай туғызуы мүмкін”, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Сол себепті департамент өкілдері облыс тұрғындарына осы су қоймаларында балық аулаудан бас тартуға  шақырады.

Жаңалықтармен бөлісу