Референдумда көпшіліктің АЭС туралы ақпаратқа қаныққанын көрдік

Референдумда көпшіліктің АЭС туралы ақпаратқа қаныққанын көрдік

Еліміздегі тарихи сәт – АЭС бойынша референдум да өз мәресіне жетті. Халық бұл қадамның маңыздылығын жақсы түсінді. Еліміздің әр өңірінде тұрғындар өз таңдауларын жасап, азаматтық ұстанымын білдірді.

Ешқандай құқық бұзушылық болмады. Оның алдын ала қорытындысы да жарияланды. Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, тізімге енген азаматтардың жалпы санының 63,66%-ы бюллетень алған. Бұл дегеніміз ел азаматтары жауапкершілікті сезіне білген.

Референдумға келгендердің 70% пайыздан астамы Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға келісім берген. Демек, азаматтар ақпараттық жұмыстардан кейін, мәліметтер мен фактілермен танысқаннан кейін атом электр стансасының не үшін қажет екенін жақсы түсіне бастады. Бұл жерде түсіндіру жұмыстарының жоғары деңгейде болғанын көруге болады. Ақпарат құралдары да бұл бағытта өнімді жұмыс істей білді.

Әбдіқадыр Әбдірайымұлы,
мемлекеттік қызмет ардагері

Жаңалықтармен бөлісу