Еске сала кетсек, 2024 жылдың 13 қаңтарында Фурманов ауылының тұрғыны жылқы іздеп шығып, ақтүтек боранда бағытынан адасып, хабар-ошарсыз кеткен болатын.
Жан-жақты іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қаңтар күні жоғалған азаматты көршілес Восточный ауылының учаскелік инспекторы аман-есен тауып алған еді.
Осыған орай, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарап, қырағылық танытуының арқасында адам өмірін сақтап қалған полиция инспекторы Дархан Тұрғановқа қала әкімінің «Алғыс хаты» табыс етілді.
Полиция майоры Дархан Бейсенбекұлына аталған марапатты қала әкімі Әмірхан Асанов қала активінің алдында салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ, қала басшысы жоғалған жанды іздеуге қатысқан барша қызмет салаларына, ауыл тұрғындарына, өзгенің өмірі үшін өз өмірін қауіп – қатерге тігетін мамандық иелеріне алғыс білдірді.
Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы