Бірінші жағдай Жітіқара ауданы Чайковский ауылынан 10 км қашықтықта орын алып, онда дала жолында жеңіл автомобиль балшықта кептеліп қалды. Салонда 5 адам болып, оның 3-і балалар еді.
Екінші оқиға Жанкелдин ауданындағы жергілікті маңызы бар автожолында Ащы-қабырға өзені маңында болған. Онда төрт жолаушысы бар көлік құмға кептелген.
Екі көлік құралын да ТЖМ құтқарушылары сүйреп шығарып, жақын елді мекенге дейін сүйемелдеді. Медициналық көмек ешкімге мұқтаж болған жоқ.