Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл біздің әрқайсымыз үшін маңызды, еліміздің жаңа тарихының басталған күні, соның арқасында біз дербес мемлекеттілігімізді құруға, экономика мен мәдениетті дамытуға, тәуелсіз сыртқы саясатты жүргізуге мүмкіндігіміз бар.Азаттық үшін, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы үшін өмірін, бар күш-жігерін аямаған тұлғаларға құрметіміз шексіз, Мемлекет басшысы атап өткендей, “біз өзіміздің басты байлығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейліктің негізін нығайтып, елдің өзгеруіне назар аударуымыз керек. Бұл біздің болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз”.
Бүгінгі таңда еліміз әлемдік қоғамдастықтың белсенді әрі танымал қатысушысы, шетелдік әріптестермен сындарлы және тиімді ынтымақтастық жүргізіп отыр. Қоғам өмірінің түрлі салаларында реформаларды белсенді жүзеге асырып келеміз. Елмен бірге біздің облыс та дамып жатыр. Тәуелсіздік жылдарында біз Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан ірі индустриялық-аграрлық өңірін құрдық.
Біздің ұрпақтың үлесіне Әділ Қазақстан құру және оны барлық жауапкершілікпен және абыроймен алып жүру міндеті жүктеліп отыр.
Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін! Біздің ортақ үйіміз – Қазақстан өркендей берсін!