Құрметті қостанайлықтар!

Құрметті қостанайлықтар!

16 қазан – Дүниежүзілік нан күні. Қазақ халқы ас атасын ертеден қадір тұтқан, соңғы жылдары ресми түрде нан күні – мереке есебінде аталып жүр.

Біздің облыс аграрлық салаға бейім болғандықтан, халқымыздың басым бөлігі осы бағытта еңбек етіп, нан мен нан-тоқаш өнімдерін пісіруге арналған бидайдың ең жақсы сорттарын өсіруде.

Осылайша, диқандарымыз халқымыздың ыстық ықыласына бөленген.
Біздің фермерлеріміздің жоғары кәсібилігі, жанқиярлығы мен еңбекқорлығының арқасында агроөнеркәсіптік кешен азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепілі және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды.

Бүгінгі таңда қазақстандық фермерлер алтын дәнімен отандық нарықты ғана емес, алыс-жақын шетелдерді де қамтамасыз етуде. Біздің өнім сырт елдерде сапалық көрсеткішімен жоғары бағаланатынын айта кеткен жөн.
Құрметті, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, маңдай терлеріңізді еліміздің игілігіне сарп етіп, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Құрметті, жерлестер, дастарханымыздан нан үзілмесін! Мерекелі, берекелі нан күні құтты болсын!

Қ. Ақсақалов,
Қостанай облысының әкімі 

Жаңалықтармен бөлісу