Құмар Ақсақалов: “Өңір өзін-өзі қамти алмай отыр”

Құмар Ақсақалов: “Өңір өзін-өзі қамти алмай отыр”

Облыста күріш, қант, тұз өнімдері өндірілмейді. Олар еліміздің оңтүстік өңірі мен Ресей Федерациясынан әкелінеді. Осыған байланысты азық-түлік импортын азайту, жаңа өндіріс орындарын құру, жергілікті өндіру көлемін ұлғайту сынды міндеттер алға қойылып отыр.

Облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Тимур Бейсембаевтің айтуынша, алдымен егіс алқаптарын әртараптандыруға баса назар аударылатын болады.

– Егістіктің жалпы көлемі  – 4 млн 960 мың гектар, оның 750 мың гектарына майлы дақыл егу жоспарланған. Күнбағыс тұқымын 178 мың гектар жерге ексек, шамамен 140 мың май тұқымын, 25 мың тонна күнбағыс майын өндіруге мүмкіндік береді. Оның 50%-нің қайта өңделетінін ескерсек, қалған бөлігін тауар өндірушілер өзге облысқа сатылымға шығарады, – деді басқама басшысы Т.Бейсембаев.

2022 жылы қарақұмық 16,1 мың гектар жерге егілген еді, биыл 200 гектарға көп. Суармалы учаскелерде 7,1 мың гектар алқапқа дақыл егіледі. Оның 2,8 мың гектары – картоп, 700 гектары – көкөніс.

Деске те, өңір өзін-өзі әлі де бірнеше өнім түрлерімен қамтамасыз етуге қауқарсыз. Облыста сақтау сыйымдылығы 82,3 мың тонна болатын 62 көкөніс қоймасы бар. Өңір басшысы бұл қоймалардың аздық ететінін айтады.

– Өкінішке қарай, қазіргі уақытта көптеген бағыттар бойынша аймақ өзін өзі толық қамтамасыз ете алмай отыр. Сол себепті инфляция деңгейі жоғары. Өнім өндірілмейді. Ауыз шаруашылығы тауарларын өндірушілердің жұмысқар қыны баяу. Күріш пен қант, тұздың мәселесін түсінемін. Біздің өңірде өндіруге климат мүмкіндік бермейді. Алайда, өзге көкөніс түрлерін егер болсақ, мол өнім беретінін білемін. Біздің аймақта ет, сүт мәселесі туындамауы қажет деп есептеймін. Аудан әкімдері жыл сайын ет өндіретін кәсіпорындар мен сүт фермаларын ашуды қолға алсын. Сақтайтын қоймаларды да салу мәселесін шешуіміз керек, – деді болыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

Жаңалықтармен бөлісу