31 мая, 2025
Қостанайлықтар ұлттық спорт фестивалінің жеңімпазы

Қостанайлықтар ұлттық спорт фестивалінің жеңімпазы

Қамысты ауданында облыстық XI Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті.  Оған спорттың алты түрінен (асық ату, арқан тарту, қол күрес, қой көтеру, қазақ күресі, тоғызқұмалақ) облыстың 19 өңірінің өкілдері қатысты.

Биылғы  іріктеу кезеңдеріне 10 мыңнан астам спортшы, финалдық кезеңге 600-ден астам адам қатысты.
Жалпы есепте Қостанай қаласы жеңімпаз атанды.  Рудный қаласы 2- орын, Қостанай ауданы 3-орын алды.