Қостанайлықтар халықаралық мейірбикелер күнін атап өтті

Қостанайлықтар халықаралық мейірбикелер күнін атап өтті

12 мамыр – адам денсаулығының сақшысы халықаралық мейірбикелер күніне арналған іс-шараға Денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері, кәсіподақ өкілдері қатысты.

Облыстық ауруханасының мәжіліс залында ине шаншар орын болмады.

Облыстың әртүрлі мекемелерінен 200-ге жуық мейірбике жиналды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Даулет Жәкіпбаев ақ халаттыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

“Медбикелер – дәрігерлердің негізгі көмекшілері. Сонымен қатар, бүгінде медбикелер заманауи технологияларды қолданып медициналық көмек көрсете алады. Мен студент болған кездер де медбике болып жұмыс істегенмін. Сол себепті сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызбен жақсы таныспын. Сіздерге зор денсаулық және сабырлық тілеймін”, – деді Даулет Жәкіпбаев.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляева да осы бір мерекеге арнайы шақырылды.

“Медбике болу белгілі бір дағдылар мен білімге ие болуды ғана емес, сонымен бірге жанашырлықты білдіреді. Өйткені, медбике пациенттердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасаумен қатар жауапкершілік алады. Медбикелерге алғысымыз шексіз, жұмыстарына табыс тілейміз”, – деді Екатерина Смышляева.

Үздік деп танылған мамандарды мемлекеттік наградалармен, Қостанай облысы әкімінің грамоталарымен, Денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен, төсбелгілермен, алғыс хаттармен, Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағының грамоталарымен марапатталды.

Диана БАТЫРБЕК 

Жаңалықтармен бөлісу