Қостанайлықтар білікті маман даярлаудың  өңірлік картасын әзірлеуге кірісті

Қостанайлықтар білікті маман даярлаудың  өңірлік картасын әзірлеуге кірісті

«Мамандығым – болашағым»  республикалық жобасы шеңберінде  жүзеге асып отырған  қадам  ЖОО-ның кәсіпорындарға шын мәнінде сұранысқа ие және болашақта өзектілігін жоғалтпайтын маман даярлауына мүмкіндік бермек.

Жобалар тобының жетекшісі Олжас Сәкенов Қостанай облысына арнайы келді.  А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ өңірдегі  бағдарламаның  жобалық  офисі болып бекітілді. Олжас Берлесұлы бірінші университеттің серіктес кәсіпорындарына барды.

Машина жасау өнеркәсібінің  флагманы – «Аллюр компаниялар тобы» АҚ-да  болды. Онда дуалды оқыту жүйесінің арқасында ЖОО студенттері станоктан тікелей жоғары білім алады.

– «Мектеп – ЖОО – Жұмыс» бағыты енді біз үшін қолжетімді. Біздің шәкірттеріміз аудиторияда емес, зауыттарда оқиды. Бұл ретте олар гранта оқиды, стипендия, жалақы алады және болашаққа деген сенімділігін арттырады,  – деп түсіндірді ҚӨУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ербол Исакаев.

Мәселен, «Аграрлық  техника  және  технология»  білім беру бағдарламасының  4 курс  студенті  Виталий Ельшов  зауытта бірнеше айдан бері жұмыс істеп келеді. Ол әлі  диплом алмаса да, кәсіби тұрғыда біліктілігін арттырып жүр. Көп ұзамай  бригадир  атанбақ.

Baitursynuly  University  дуальды оқыту бағдарламасын іске асырып отырған тағы бір алаң – «KamLit KZ» ЖШС. Мамандар Автокөлік компоненттерін құю зауытының қызметкерлері онда зейінді жас мамандардың келіп жатқанын, бірақ білім беру бағдарламасы өндірістің дамуын ескере отырып, пысықтауды қажет ететіндігін алға тартып отыр.

Бұл туралы салынып жатқан Kia зауыты мен «Агромашхолдинг KZ» АҚ өкілдерімен кездесуде де айтылды.

– «Мамандығым – болашағым»  жобасы осы мәселелерді шешуге бағытталған. Болашақ мамандықтарды басым секторларда анықтап, студенттер арасынан кәсіби таңдау жүргізетін боламыз, – деді бұл туралы Олжас Бірлесұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқалидың қатысуымен өткен кеңесте өңірде жобаны іске асыру перспективалары егжей-тегжейлі талқыланды.

– Бұл жобаның өңірге аса қажет. Өңірдегі кәсіпорындар, колледждер мен ЖОО басшылары да оны жақсы түсінеді. Жоба ұзақ мерзімді әрі аймақ экономикасын дамыту үшін өте маңызды, – деді облыс әкімінің орынбасары.

 

Аружан Қанатбек 

ҚӨУ-нің студенті

Жаңалықтармен бөлісу