Қостанайлық ұстазға Мемлекет басшысы жоғары марапат табыстады

Қостанайлық ұстазға Мемлекет басшысы жоғары марапат табыстады

Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен республикалық тамыз конференциясы өтті.

Білім саласының өзекті бағыттары талқыланған маңызды жиында үздік педагогтерді марапаттау рәсімі де өтті. Солардың қатарында Қостанай қаласындағы Горький атындағы гимназия директорының орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Ирина Михайловна Герасева да бар.

Ұстазға білім беру саласына қосқан үлесі, белсенді әрі жемісті еңбегі үшін «Шапағат» медалі табысталды.

Ең ерекше сәті – марапатты Ирина Михайловнаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыстауы болды.

Бұл – бір ұстаздың ғана емес, Қостанайдың білім беру саласындағы барша педагогтердің еңбегіне көрсетілген үлкен құрмет.