11 сәуір күні Тобыл қаласында 59 жастағы әйелдің мәйіті табылып, сотқа дейінгі тергеу амалдарының басталғанын бұған жазған едік.
17 сәуірде оперативті-тергеу шаралары барысында тәртіп сақшылары Заречный ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті бұған дейін істі болған. Ер адам қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы сараптама тағайындалды.