Ақтөбе қаласында грек-рим күресінен өткен Е.Батырғаринді еске алуға жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирден қостанайлықтар бес бірдей жүлдемен оралды.
Бұл жарыста жерлесіміз Таир Амангелді алтыннан алқа тақты. Руслан Смағұлов, Ноил Умаров, Максим Украинцевтер күміспен күптеліп, Санжар Сабитов қола жүлде олжалады.
Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады.