Қазақстанның футболдан ұлттық құрамасы он жетінші қараша күні Сан-Марино құрамасына қарсы ойнайды. Құрама бас бапкері Магомед Адиев алдағы ойынның басты тізімінде қостанайлық «Тобылдың» үш бірдей ойыншылары – Руслан Валиуллин, Бағдат Қайыров, Ислам Чесноковтардың да бар екенін жариялады. Жаттығу алдында Адиев шәкірттері еліміздің жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 5:2 есебімен басым түсті.
Бұл ойынның үшінші голында қостанайлық Ислам Чесноковтың көзге түскенін айта кетейік.