“Ұлы дала жорығы” марафон бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Қостанайлық команда он жеті ұжымның арасынан жүз шақырым қашықтықты бес сағат қырық минут он секундта бесінші шауып өтті.
“Осы қарқынмен шаба берсе, жаман емес деп ойлаймыз. Алда әлі төрт кезең бар. “Бабы келіскеннің бағы ашылады”, деген бар. Бапкерлер де шабандоздардың желдіртіп отыруын қадағалап отыр”, – дейді Қостанай облысы Ұлттық спорт мектебінің директоры Серік Дәрменбаев.
Біздің алдымызда осы марафонның басты фавариттері Маңғыстау командасы.
Жамбылдықтар мен алматылықтарды артқа тастап, көрші Қырғыз елінің шабандоздары бес сағат он екі минут жиырма үш секунд көрсеткішімен көш бастап келе жатыр.