Қостанайдың іргесіндегі Октябрь кентінің тұрғыны Даяна Әмірова Ресей Федерациясы Бас прокуратурсының бастамасымен ұйымдастырылған жастар арасындағы Халықаралық байқауды жеңіп алды.
Даянаның «Соқыр мысық тышқан ауламайды!» атты жұмысы «үздік сурет» номинациясында 1 -ші орынды иеленді.
Даянаға Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас жас суретшіге шығармашылықта жаңа табыстар тілей отырып, марапатқа лайық еңбек еткен наградасын табыс етті.
«Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты әлеуметтік сыбайлас жемқорлыққа қарсы жарнамалар байқауы жарияланған болатын.
41 мыңнан астам жұмыстың ішінен менің еңбегімді таңдап алыпты. Жеңімпаздарды таңдау халықаралық қазылар алқасы үшін оңай жұмыс болмағанын да естіп жатырмыз», – дейді Даяна.
Байқауға 11 мемлекеттің өкілдері қатысқан.
Атап айтқанда, Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Таиланд, Мьянма, Бразилия, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан елінің өкілдері өз бақтарын сынаған болатын.
Әр жұмыс ерекше бірегейлігі мен шығармашылық тәсілімен көзге түсіп, көңіл аударуға лайық болды. Халықаралық қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде алты жас қазақстандық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып танылды.
Даяна бұған дейін Түркия мен Ресей астанасында халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Тоғызыншы балалар суреті фестивалінің дипломанты.