Қостанайлық ардагерлер ұлықталды

Қостанайлық ардагерлер ұлықталды

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров Шекара қызметі Департаментінің бастығы полковник Алмат Джаржанов және 99260 әскери бөлімінің командирі подполковник Қуаныш Хабиевпен бірлесіп, Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерді құттықтады.

Қостанай қаласының Ұлы Отан соғысының ардагерлері Михаил Петрукович, Андрей Шаров, Дмитрий Брусниктің үйіне барып, мереке қарсаңында ардақтыларды мадақтап, отбасыларына азық-түлік корзиналарын табыстады.

Ұлттық ұлан әскери оркестрі соғыс жылдарындағы композицияларын орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

“Ұлы Жеңіс күні қарсаңында біздің әскери бөлім құрамы ардагерлер қауымына құрмет қылып жыл сайын құттықтап тұрады. Осындай шаралар ең алдымен тарихты ұмыттырмайды, екіншіден, көріп тұрған жас ұрпаққа үлкен өнеге әкеледі деп сенеміз”, – дейді Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Жаңалықтармен бөлісу