Қостанайға Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Марат Жұмағұлов келді

Қостанайға Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Марат Жұмағұлов келді

Облыстық сотының ғимаратында Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы Марат Жұмағұлов өңірдің заңгерлер қауымдастығымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – заң және судьялар қоғамдастығының өкілдерімен Кеңестің құзыретіне кіретін қызмет туралы ақпараттық-түсіндіру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар жоғары білікті мамандарды тарту. Кездесуге судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыруға үміттенетін кандидаттар, прокурорлар, адвокаттар, басқа мемлекеттік органдардың заңгерлері шақырылды.

Отырыс барысында Марат Жұмағұлов Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және сот жүйесін реформалау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталды. Кездесуге қатысушылар біліктілік емтиханы, конкурстық іріктеу және судьялардың мансаптық өсуіне қатысты сұрақтар қойды. ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі жеке қабылдау өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Жаңалықтармен бөлісу