Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев өз Жолдауында отандық өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау жөнінде батыл шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Осы мақсатта үкіметтік деңгейде құрамына барлық бақылаушы органдардың басшылары кіретін Сауда және интеграция министрлігі жанындағы Ахуалдық штаб жұмыс істейді.
Бүгін осы штабтың көшпелі отырысы облысымызда өтті. Ветеринариялық, санитариялық, фитосанитариялық және бақылаудың басқа да түрлерінің орталық және жергілікті органдарының басшылары Ресей Федерациясымен шекарадағы “Қайрақ” өткізу пунктінің жұмысымен танысты, жергілікті өндірушілердің үлесіне баса назар аудара отырып, ірі сауда желілерін аралап шықты. Ондағы жұмыстар техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев отырысты аша отырып, елде нарықтық модель дамығанын және заңнама сақталған жағдайда адал бәсекелестік құпталатынын атап өтті.
Алайда сауда желілеріне бару сөрелерде таңбаланбаған, міндетті талаптарға сәйкестігін бағалаудан өтпеген кейбір импорттық шұжықтар мен тауық етінің бар екенін анықтады. Сонымен қатар, шетелдік өндіруші деп аталатын “докторлық” шұжық іс жүзінде стандартқа сәйкес емес, ет орнына тауық сүйектерінен және басқа да қалдықтардан ақуыз тұрақтандырғыштары бар. Әрине, мұндай “шұжық” бірнеше есе аз болса да осылайша нарықты жаулап алады.
Бірлескен пікірталас нәтижесінде өнімді таңбалауға қатысты тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын күшейту, бақылау- сатып алудың аумақтық моделін әзірлеу, мемлекеттік бақылау шараларын күшейту және жергілікті органдардың өзара іс-қимылы жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірленді.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА