Елімізде жаңа мерекелер пайда болады

Елімізде жаңа мерекелер пайда болады

Қазақстанда екі жаңа кәсіби мереке болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде кәсіби мерекелер тізіміне толықтырулар жобасы әзірленіп, кәсіби мерекелер тізіміне екі күн енгізілмек.  Олар: Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация қызметкерлері күні-1 ақпан,

Бұрғылау күні – қарашаның үшінші сенбісі.

Жарияланған құжатта атап өтілгендей, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

– осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркейді;

– осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады.

Ресми құжаттың мәтінінде осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіні атап өтіледі.

Жоба 2023 жылғы 2 қарашаға дейін жария талқылау үшін “Ашық НҚА” порталында орналастырылған.

 

Жаңалықтармен бөлісу